Жаңалықтар

2025 IBSA JUDO World Championships Astana: Әлемнің үздік парадзюдошылары Астанада бас қосады

13–15 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды.

Әр төрт жыл сайын өтетін басты додада 40 елден 350-ден астам спортшы жүлдеге таласпақ. Биылғы жаһандық бәсекеге 15-тен астам паралимпиада чемпионы мен әлемдік жұлдыздар арнайы келмек.

Қазақстан құрамасы толықтай мықты спортшылармен жасақталған. Еліміздің намысын Астана қаласының спортшылары — Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Нұрдаулетов Асылан және Арыстанбеков Бауыржан қорғайтын болады.

Парадзюдодан әлем чемпионаты 13–15 мамыр аралығында өтеді. Күн сайын сағат 10:00–13:00 аралығында іріктеу белдесулері, ал 15:30–17:00 аралығында финалдық белдесулер өтеді.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағат 15:00-де, Қабанбай батыр даңғылы 43 мекенжайында орналасқан Жекпе-жек сарайында өтпек. Көрермендер үшін кіру тегін.
https://www.instagram.com/p/DJJW5Byh4nR/?igsh=MWh3NHJsb256ZHF6aQ==

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button