2022 жылдың І жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген отырысы өтті
28 маусым, 2022 жылдың І жартыжылдық жұмыс қорытындысы бойынша жаттықтырушылар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жылқыбаев Самат Сәбитұлы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының орынбасары Абаев Алмас Емелтайұлы, Олимпиадалық түрлер дирекциясының басшысы Данияров Бағдат Болатұлы, олимпиадалық түрлер бойынша қаланың аға-жаттықтырушылары, Нұр-Сұлтан қаласының спорттық медициналық орталық басшысының орынбасары Рамазанов Алмат Ермекұлы қатысты. Жиналыс барысында 2022 жылдың І жартыжылдығындағы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыстың есебі ұсынылды. Сондай-ақ, спортпен айналысу контингентін сақтау, олимпиадалық спорт резервін даярлау, аға-жаттықтырушылардың қызметі, спорт залдарымен және спорттық киім-кешекпен қамтамасыз ету, жас мамандарды қолдау мәселелері талқыланды. Көтерілген мәселелерге шешу жолдары анықталып, олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының алдына жаңа міндеттер қойылды.