Жаңалықтар

2021 жылғы жарыстар кестесі бекітілді

Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бапкерлер кеңесі онлайн форматта жиын өткізіп, 2021 жылға арналған спорттық және бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын құрды деп жазады Olympic.kz. Егер елдегі және әлемдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсаратын болса, 2021 жылдан бастап төмендегі турнирлер өткізіледі: 

Қазақстан чемпионаты (Қарағанды), әлем чемпионаты (Корея), «Азия-Еуропа» халықаралық жасөспірімдер турнирі, А. Булахов атындағы турнир (Ресей) Қазақстанның ашық командалық чемпионатының І туры (Қарағанды), Ресей командалық чемпионатының ІІІ туры, Ақпан Батыр атындағы халықаралық турнир (Шымкент), «Наурыз» халықаралық турнирі (Павлодар), оқу-жаттығу жиындары. 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button