ЖаңалықтарМекеменің мәдени өмірі
1 маусым – Балалар күніне орай қайрымдылық іс-шара
1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай Астана қаласы «Толағай» ЖСШМ КММ-сі әкімшілік ұжымы Астана қаласында жеті баласымен тұратын жалғыз басты ана Айгүл Қойлыбаеваның отбасылық жағдайы төмен болуына байланысты, бүлдіршіндеріне кішігірім азық-түлік өнімдерімен және қаржылай көмек көрсетілді. «Толағай» әкімшілік ұжымы және басшысы Данияров Багдат Болатұлы отбасы иелерін 1 маусым балаларды қорғау күнімен және киелі Рамазан айымен құттықтады. Отбасы иелері «Толағай» ұжымына шын жүректен ризашылығын білдіріп, жұмыста табыс тіледі.