Жаңалықтар

10 желтоқсанда елордада «Белеске жету жолында» атты гимнастика шеберлерінің шығармашылық кеші өтті

10 желтоқсанда елордада «Белеске жету жолында» атты гимнастика шеберлерінің шығармашылық кеші өтті.

Концерт «Балалар жылы» аясында елорда көркем гимнастика Федерациясының қолдауымен ұймдастырылды. Шығармашылық кеште «Аэробты гимнастика», «Спорттық гимнастика», «Көркем гимнастика» және «Баттутық гинастика» спорт түрлерінің жас дарындары өнер көрсетті. Сонымен қатар, спорт саласына үлес қосып жүрген жаттықтырушыларды мараппатау рәсімі өтті.

Кештің арнайы қонағы – екі дүркін Олимпиада чемпионы, көркем гимнастиканың жарық жұлдызы Евгения Канаеваға ерекше сый-сияпат табысталды.

Қазіргі таңда елордада көркем гимнастикамен 2,5 мың атлет айналысады. 14 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік – балалар мен жасөпірімдердің мамандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі. Мектептерде 100-ден астам жаттықтырушы мен хореографтар еңбектенеді.

Аэробты гимнпстикаға келетін болсақ, бұл спорт түрімен 200 ден астам спортшы айналысады.

Әлемдік және республикалық жарыстарда биік жетістіктерге жетіп жүргендер қатарында – батуттық гимнастика спортшылары бар. Осы спорт түрі секцияларына 250 спортшы қатысады.
Қалада бір мемлекеттік және еке меншік мектептер жұмыс жасайды.

Елордалық спорттық гимнастиканың да даму деңгейі айтарлықтай қарқынды. Спорттық гимнастикамен 400 спортшы айналысуда.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button