Жаңалықтар

Жастар ойындары басталды

Елімізде жастар ойыны басталды. Бұл – олимпиадалық спорт түрлері бойынша 4 жылда бір өтетін бәсеке және, айта кету керек, ол осымен 5-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жас спортшылар еліміздің әр аймағында 36 спорт түрінен сынға түседі. Мәселен,  Шымкентте оқ ату, көркем гимнастика, садақ ату, стенд ату, бадминтон және гандбол бағыттыры бойынша үздіктер анықталады. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар ұлттық құрама сапына алынады. Биылғы бәсекеде санитарлық талаптар қатаң. Спортшылар мен жаттықтырушылар короновирусқа қатысты тест тапсырды. «Спорт ойындары қорытындысы бойынша әр спорт түрінен ұлттық құрама мүшелері жасақталады. Олар еліміздің атын халықаралық сайыстарда шығарады деп сенемін. Мұндай жарыстар бұқаралық спорттың деңгейі мен мерейін үстем етеді деп ойлаймын»-деді, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button