Жаңалықтар

Токио олимпиадасына дайындық

Қазақстандық дзюдошылар кешенді сынға дайындыққа кірісті. Алдағы олимпиада ойындарында ел намысын онға жуық жерлесіміз қорғауы қажет. Қазірдің өзінде 8 үміткер анықталды. Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров мәлімдеді. Оның айтуынша олимпидаға дейін 9 халықаралық турнир бар. Осы бәсекелерде ұлттық құрама мүшелері жақсы өнер көрсетіп, тиісті ұпайларды жинауы керек. Жапон жекпе-жегінің лицензиялары  рейтинг бойынша беріледі. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жыл басынан бері «Мастерс» сериясындағы екі жарысқа қатысты. Бірақ, жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Ал, Токиодағы олимпиада ойындары 23-ші шілдеде басталады.

«Пандемия біраз қиыншылық әкелді. Соған қарамастан, ұлттық құрама қазір дайындалып жатыр. Бүгінгі күні ерлер арасында 7, ал, қыздар арасында 1 олимпиадаға қатысатын үміткеріміз бар. Алдымызда бірқатар халықаралық турнир бар. Соның нәтижесінде тағы 3-4 спортшы үміткерлер қатарына қосылуы қажет» – деді Қазақстан дзюдо федерациясының Президенті Қайрат Қожамжаров.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button