Еркін күрес, əйелдер күресі жəне грек-рим күрестерінен ҚРЧ
2018 жылдың 28 сəуір 3 мамыр аралығында Шымкент қаласында еркін күрес, əйелдер күресі жəне грек-рим күрестерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Жалпы 500 астам спортшылар катысты, «Толағай» спорт мектебінің спортшылары өте жақсы нәтиже көрсеткені айтарлықтай қуанышты жайт. Жарыста басшының орынбасары Акшалов Мерей көпжылдық спорттық өз тәжірбиесімен бөлісіп, спортшыларымызға тәжірибелік көмек көрсетті.
Енді жеңімпаздар Джакарте қаласында (Индонезия) тамыз айында өтетін жазғы Азия ойындрына қатысатын болады. Төрт жылда бір рет болатын Жазғы ойындарда спортшылар Олимпиада бағдарламасына кірген алты салмақтық дәрежеде күш сынасады.
Қазақстан Республикасының Чемпионатында спортшыларымыз
грек-рим күресінен келесі нәтижелер көрсетті:
Кустубаев Азамат 87 кг.- 1орын
Картиков Досжан 82кг.- 1орын
Шалабаев Сұлтанбек 82кг.- 3 орын
Еркін күресі:
Нұрғайыпұлы Нұрғали 92 кг.- 1орын
Абдрашев Ералы 97кг. 2-орын
Бекжанов Нурлан 74 кг. 3-орын
Əйелдер күресі
Эшимова Жұлдыз 53 кг. 1-орын
Кунангараева Зарина 65кг. 1-орын
Жеңімпаздарызды және олардың жаттықтырушылары Әбдрашев Асқар Әбекенұлын, Аманқосов Нұрлан Жұмабайұлын, Альмурзиев Николай Шамшудиновичті, Рахметов Меирхан Витальевичті және Колыванов Александр Владимировичті құттықтаймыз!