Жаңалықтар

Астаналық мерген – VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері

Қырғыз Республикасының Бішкек және Шолпан-Ата қалаларында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан «Орта Азия» нысанасы бойынша Астана қаласының спортшысы Айкөркем Батихан күміс жүлдеге ие болды.

«Орта Азия» (40 метр) нысанасы бойынша Айкөркем әйелдер арасындағы бәсекеде әлемнің 51 мемлекетінен келген 80-нен астам мергеннің арасынан суырылып шығып, финалға жолдама алған болатын.

Финалдық кезеңде жерлесіміз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, II орын иеленді.

Айкөркемді жеңісімен құттықтаймыз!

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

📸 Қайыр Аманжол

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button