Жаңалықтар

Елордалық спортшылар самбодан жастар чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 26–31 мамыр күндері Қостанай облысының Лисаковск қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Еліміздің әр өңірінен жиналған үздік спортшылар бақ сынаған жарыста Астана қаласының самбошылары елорда қоржынына екі күміс және төрт қола медаль салды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

🥈 Оразбекова Наргиз (+80 кг) – 2-орын;
🥈 Нүркен Мадина (54 кг) – 2-орын;
🥉 Коженер Айдана (54 кг) – 3-орын;
🥉 Нүркен Санжар (88 кг) – 3-орын;
🥉 Ғабдулмақсұт Қажымұқан (88 кг) – 3-орын;
🥉 Иманқұлов Рамазан (71 кг) – 3-орын иеленді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button