Жаңалықтар
Айым Серікбаева таэквондодан әлем чемпионы атанды

Астана қаласының спортшысы Айым Серікбаева (-44 кг) таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионы атанды.
Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Бұл жеңіс – Қазақстан таеквондосы үшін тарихи сәт. Ел құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет алтын жүлдені 2006 жылы жеңіп алған еді. Осылайша, араға 20 жыл салып алтын медаль қайтадан ел қоржынына түсті.
Айта кетейік, Айым Серікбаева бұған дейін Азия чемпионы атанып, жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы болған.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.






