Astana Hub алаңында Конституциялық реформалар талқыланды

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен Astana Hub алаңында елорданың белсенді жастары арасында Конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Іс-шараға студенттер, спортшылар және түрлі сала өкілдері қатысып, ел дамуының өзекті бағыттары жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында спикерлер Конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, заңнамалық өзгерістердің жастар саясатына, білім беру жүйесіне, спорт саласына және азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпалы туралы кеңінен баяндады.
Жиын ашық сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік береді.




