Жаңалықтар
Bishkek Open турнирінде астаналық каратэшілер жарқын нәтиже көрсетті

2026 жылдың 22 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында каратэден (WKF) барлық жас санаттары арасында халықаралық “Bishkek Open” турнирі өтті.
Аталған додаға 37 командадан 1140 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарысқа Астана қаласының спортшылары қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
🥇 Алтын медаль иегерлері:
•Мустафаев Роди (16–17 жас, -61 кг)
•Кенжебек Нұрмұхаммед (10–11 жас, -40 кг)
•Командалық кумитэ, қыздар 14–15 жас (Бекболат Амира, Кабдуллаева А., Мақсат А.)
•Командалық кумитэ, қыздар 12–13 жас (Қайрат А.)
🥈 Күміс жүлде:
•Алдаберген Перизат (16–17 жас, -53 кг)
🥉 Қола жүлдегерлер:
•Серікбай Бақберген (14–15 жас, +70 кг)
•Абдрахман Нұрмұхаммед (16–17 жас, -68 кг)
•Бекболат Амира (14–15 жас, -61 кг)
•Мақсат Аймерде (14–15 жас, -54 кг)
•Нығметбек Бекарыс (16–17 жас, -55 кг)
•Абжанова Малика (18+, -55 кг)
Халықаралық деңгейдегі бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған астаналық спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!





