Жаңалықтар

Muhamet Malo рейтингілік турнирі: Марлан Мұқашев қола жүлдегер атанды

2026 жылдың 25 ақпан – 1 наурыз аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өткен халықаралық додада Қазақстан құрамасының өкілі елордалық балуан Марлан Мұқашев (55 кг) жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жартылай финалда отандасымыз Үндістан балуаны Вишваджит Моремен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Марлан соңғы шешуші әрекеті арқылы есепті 12:12-ге теңестіріп, ереже бойынша соңғы нәтижелі қимыл артықшылығымен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз халықаралық рейтингтік турнирдің қола медалін иеленді.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button