Жаңалықтар
Астаналық таеквондошы Bulgaria Open 2026 турнирінде топ жарды

2026 жылдың 27–28 ақпан күндері Болгария астанасы София қаласында таеквондодан (WT) халықаралық Bulgaria Open турнирі өтті.
Жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарысын дәл осы беделді додадан бастаған Қазақстан құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетті. G-2 санатындағы турнирге ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысып, әлемдік рейтингтік ұпайлар сарапқа салынды.
Астана қаласының спортшысы Тоғжан Қазнабек 57 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып, алтын медаль еншіледі. Ол турнир барысында 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Астаналық спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!





