Жаңалықтар

Бұла күш, бекем белбеу: елорда спортшылары Жаңақорғанда топ жарды

Ағымдағы жылдың 27–29 қараша күндері Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде 23 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Алыш белбеу күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Додаға еліміздің әр өңірінен келген 13 командадан 145 спортшы қатысып, тартысты белдесулер ұйымдастырылды.
Бас қала намысын қорғаған жас балуандар аламан айқаста өз шеберліктерін көрсетіп, еркін стиль бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізді:
•🥇 Жомартова Мадина — 60 кг
•🥇 Мұхамедзәкір Рамазан — 80 кг
•🥉 Кикбаева Аида — 55 кг

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button