Елорда спортшылары шинкиокушинкай каратэден ел біріншілігінде топ жарды

10-12 қазан аралығында Талдықорған қаласында шинкиокушинкай каратэден кумитэ және ката бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа кіл мықтылар қатысып, өзара бақ сынады.
Астана қаласының спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥇 Бірінші орын иегерлері:
• Трасковецкая Эвелина – жеке ката (14–15 жас);
• Вавилина Нелли – топтық ката (12–13 жас);
• Каныбеков Ильгиз – кумитэ, 70 кг дейін;
• Зимарев Антон – кумитэ, 80 кг дейін;
• Кинзерский Анджей – кумитэ, 90 кг дейін;
• Осипенко Алина – кумитэ, 65 кг жоғары;
• Касымова Жания – кумитэ, 59 кг дейін;
• Перч Ангелина – кумитэ, 65 кг дейін.
🥈 Екінші орын иегерлері:
• Захарченко Камилла – жеке ката;
• Касымова Жания, Захарченко Камилла – топтық ката;
• Анисимов Сергей – топтық ката;
• Морозов Ринат – топтық ката;
• Кавазов Назар – кумитэ, 80 кг дейін;
• Мукашев Еламан – кумитэ, 90 кг дейін;
• Захарченко Камилла – кумитэ, 54 кг дейін;
• Анисимов Никита – кумитэ, 70 кг дейін.
🥉 Үшінші орын иегерлері:
• Касымова Жания – жеке ката;
• Анисимов Сергей – жеке ката;
• Васецкий Евгений – кумитэ, 60 кг дейін;
• Серік Әді – кумитэ, 70 кг дейін;
• Рубахов Кирилл – кумитэ, 80 кг дейін.
Жалпы командалық есепте астаналық спортшылар 8 алтын, 8 күміс, 5 қола медаль жеңіп алып, елорда абыройын асқақтатты.