Жаңалықтар

Елордалық гимнаст Ақмарал Ерекешева әлемдік аренада тарихи жеңіске жетті

София қаласында (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған додаға 64 елден келген үздік спортшылар қатысты.

Астана қаласының өкілі Ақмарал Ерекешева чемпионат жеңімпазы атанды. Айта кетейік, ол үш бірдей финалға бірінші орынмен өткен болатын және қатысқан барлық жаттығуда жүлдеге ие болды.

Ақмаралдың қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар. Ол алдымен доппен орындалған жаттығуда үздік деп танылды. Одан кейін таспамен өткен финалда да қарсыластарынан оқ бойы озық шықты.

Ал шығыршықпен орындалған жаттығуда Ақмарал екінші орынды иеленді. Сонымен қатар Айғаным Рысбек ұршықпен орындалған жаттығуда бесінші орын алды.

Айта кету керек, Ақмарал Ерекешева — жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен санаулы қазақстандық гимнастардың бірі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button