Жаңалықтар
Астаналық спортшы Жәмилә Бақбергенова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Muhamet Malo рейтингтік турнирінде жеңімпаз атанды.
Ол 72 кг дейінгі салмақта үш белдесу өткізіп, алтын медаль еншіледі.
Алғашқы айналымда Жәмилә украиналық Алла Белинскаяны жеңіп, кейін америкалық Александрия Глаудқа есе жіберді. Алайда шешуші белдесуде аргентиналық Линда Мачуканы жеңіп, бас жүлдеге қол жеткізді.
Енді жарысты грек-рим күресінің балуандары қорытындылайды.