Гір көтеру
ХХ ғасырдың 1940 жылдарының соңына дейін, гір көтеру спорты күш шыдамдылығы жарысы ретінде заманауи түсінік болмаған. Дегенмен, гірдің өзі, спорттық снаряд ретінде ХVII ғасырдың соңынан танымал болған. Гір, штанга және гантельмен қатар дене күшін дамыту үшін, немесе цирктік көрсетілімдерде қолданылған.
1948 жылдың 24 қазанында маман патронаждарымен ауыр атлетикадан бірініші жарыстар өткізілді, атлеттер екі пұттық гірлермен машықтанған. Ресми ережелер сол кезде болмағанымен, осы тәрізді конкурстар дайыми негізде өткізіле бастады және ауыратлеттер оның өз спорттарына көпшілікті тарту тәсілін байқады. 1962 жылы гір көтеру спорты жарыстарының алғашқы ережелері өңделді. 1970 жылдардан бастап ұдайы ССРО спортшылары арасында кездесулер өткізіле бастады, спорт сондай-ақ Қарулы Күштерде таратылды. Сол кезде гір көтеру спортының ережелері, көбірек қалың топтарды еліктіру мақсатында оңай жағына үнемі ауысып тұрды.
1985 жылы гір көтеру спорты ресми түрде қадір артты, ал 1987 жылы ССРО гір көтеру спортының Бүкілресейлік Федерациясы құрылды. 1992 жылдың 29 қазанында тарқалып, оның орнына гір көтеру спортының Халықаралық федерациясы құрылды.
Гір көтеру спорты – циклдық спорт түрі болып табылады, тағайындалған уақыт ішінде тұрегеп тұрған жағдайда гірді барынша көп рет көтеру керек. Ерлерде тәртіптің екі түрі бар, ал әйелдерде бір түр. Ерлер классикалық қоссайыста немесе ұзын циклдық түрткіде жарысады. Қоссайыс екі жаттығудан тұрады: кеудеден екі гірдің екі қолмен түртуі және әр қолмен бір гірді жұлқи көтеру. Жұлқуда снарядты тұғырға қоймай қолды бір рет ауыстыруға рұқсат етіледі. Екі жаттығуды орындаған соң қоссайыс сомасында ұпайлар саналады. Ұзын цикл бойынша жұлқу гірді кеудеге лақтырумен, кеудеден жоғары қарай көтеріп, кеудеге түсіріп әрі қарай тұғырға тигізбей төмен түсірумен тұрады. Жаттығу екі гірмен орындалады.