Жаңалықтар
Шинкиокушин каратэ шеберлері ел чемпионатына дайындықтарын бастап кетті

«Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов, елордалық шинкиокушинкай каратэ спортшыларының дайындық деңгейлерін бақылау мақсатында жаттығу барысына қатысты.
Кездесуде қалалық аға-жаттықтырушы Мария Гриднева жоспарға сәйкес ел чемпионатының алдындағы дайындықтарын атап өтті. Айта кетейік, 2025 жылғы 21-23 ақпан аралығы шинкиокушинкай каратэден жастар, жасөспірімдер және юниорлар арасындағы ҚР чемпионаты Ақтау қаласында өтеді.