Жаңалықтар

Қысқы Азия ойындары 2025: Шорт-трек спортында тарихты жаңартқан елорда құрамалары елге оралды

Бүгін, Астана қаласы әуежайында ел мерейін үстем еткен шорт-трекшілерімізді салтанатты қарсы алу іс-шарасына «Астана қаласының спортты дамыту дирекциясы» басшысы Олжас Акимов және мекеме мамандары қатысты.

Харбинде өткен қысқы спорт түрлерінің басты додасында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы қарсыластарын шақ келтірмей жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.
«Жеңіспен оралу өтте қуанышты сезім. Еліміздің намысын қорғап жеңіспен келдік. Осындай қошеметпен қарсы алып жатқандарына біз өтте қуаныштымыз. Біз әрқашан спортшылар осылай алтын медальмен елге оралуға тырысамыз.
Тұңғыш рет, осы шорт-тректің 14 жылдан кейінгі алтыны. Тарихи медаль!
Барлық қазақстандықтарды құттықтаймын, ортақ жеңіс деп санаймын» – Абзал Ажғалиев, шорт-тректен ХДСШ.

https://www.instagram.com/reel/DGNhLgHM7B6/?utm_source=ig_web_copy_link

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button