Самбо

Самбоның қалыптасуы, жас кеңестік мемлекет әлеуметтік институтқа қатты мұқтаж болып, оны қорғауды қатамасыз ететін, қоғамның белсеңді мүшелерінің бірігетін, сонымен қатар панасыз және қараусыз көп санды балалар мен жасөспірімдердің сациализацияның қабілетті нәтижелі құралы болуы кездеріндегі 1920-1930 жылдарға тура келді. Ең басынан самбо екі бағытта дамыды: бұқаралық спорт түрі ретінде және құқықтық тәртіп сақтау органдарының кадрларын тиімді құрал ретінде дайындау. 1923 жылдан бастап Мәскеудің «Динамо» спорттық қоғамында В.А.Спиронов «өзін-өзі қорғау» ерекше қолданбалы тәртібін таратуда. «Динамо» негізінде түрлі жекпе-жектер үйренілді, соның ішінде дүниежүзі халықтарының ұлттық жарыс түрлері, бокс және басқа ұру техникалары. Бұл бағыт жабық болып теқ қана арнайы бөлімдерге арналған. Осы уақытта дзю-до негізінде спорттық самбо белсеңді дамуды бастады. Е.М.Чумаков самбоның дамуына баға жетпес үлесін қосты.
Бүгінгі күнде самбо екі: спорттық және жауынгерлік бағыттан тұрады. Самбо негізделген кезінен бастап моральді-еріктің тиімді тәсілі және жан-жақты дене дамуы, ептілікті, күшті, төзімділікті асыру, тактикалық ойды тәрбилеу, азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптасу ретінде қарастырылған. 1930 жылдары самбо Еңбекпен Қорғанысқа Дайынмын кешен нормативіне кірген. 1938 жылдың 16 қарашасында Дене шынықтыру және спорт Бүкілодақтық комитеті № 633 «Еркін стильді күрестің дамуы (самбо) туралы» бұйрық шығарды. Бұйрықта, бұл күрес, біздің байтақ Одағымыздың ұлттық күрес түрлерінің және басқа күрестерден бірнеше жақсы әдістері алынған ерекше бағалы элементтерден тұрады, деп айтылған. ССРО мемлекеттерінде самбошылар дайындау жүйесін ұйымдастыру шешімі қабылданды, сонымен қатар «Күрестің еркін стилі (самбо) Бүкілодақтық секциясы» құрылды, кейінірек самбо Федерациясы аталды. Келесі жылы жаңа спорт түрінен елдің бірінші чемпионаты өткізіледі. Ұлы Отан соғысының басталуы ССРО чемпионаттарын өткізуді тоқтатты. Бірақ соғыс жауынгерлік жағдайда самбоны өміршеңдікке деген қатаң тексерісі болды. Самбомен тәрбиеленген жаттықтырушылармен спортшылар Елін намыспен қорғаған, жауынгерлерді және комндирлерді дайындауға қатысқан, әрекеттегі армия қатарларында айқасқан. Самбошылар соғыс орден және медальдармен марапатталған, олардың көбісі Кеңес Одағының Батырлары атанды.
1950 жылдары самбо халықаралық аренасына шығып, өзінің нәтижелерін бірнеше рет дәлелдеді.
1957 жылы, кеңес самбошылары венгриялық дзюдоисттермен екі жолдастық кездесулерде жарысып, сендірерлік 47:1 есебімен жеңіске ие болды. Екі жыл өткен соң, Германия Демократиялық Республикасының дзюдошыларымен самбошылар өз жетістіктерін қайталады. Токиодағы олимпиадалық ойындарының қарсаңында, кеңес самбошылары дзюдо ережелерімен күресіп, Чехословакияның құрамасын талқандады, сосын дзюдодан Еуропа чемпиондарын, Франция құрамасын жеңді.
1964 жылы Токиодағы Олимпиадалық ойындарында дзюдо дебютке шыққан кез, кеңес самбошылары елді таныстырды. ССРО құрамасының салтанатты түрде орындалуы нәтижесінде жалпыкомандалық сынақтан екінші орын алды, келесі жылы Жапонияда самбодан жеке федерациясы құрылды.
1966 жылы Халықаралық әуесқойлар күресі федерациясының конгресінде, самбо ресми түрде халықаралық спорт түрі деп танылды. Бүкіл әлем бойынша самбо танымалдығы сенімді өсуді бастады. Келесі жылы Югославия, Жапон, Монғолия, Болғар және ССРО спортшылары қатысуында Ригада самбодан бірінші халықаралық турнир өткізілді. 1972 жылы Еурапаның бірінші ашық чемпионаты өткізілді, ал 1973 жылы бірінші әлем чемпионаты 11 ел спортшылары қатысуымен өтті. Келесі жылдары әрдайым Еуропа, әлем чемпионаттары, халықаралық турнирлер өткізілді. Самбо федерациясы Испания, Греция, Израиль, АҚШ, Франция және басқа елдерде ашылды.
1977 жылы самбошылар алғаш рет Панамерикалық ойындарында шықты, сол жылы алғаш рет самбодан әлем Кубогы өткізілді. 1979 жылы жастар арасындағы бірінші әлем чемпионаты, екі жыл өткен соң – әйелдер арасындағы бірінші әлем чемпионаты өткізілді. Сондай-ақ, 1981 жылы самбо Оңтүстік Американың Боливариандық ойындарына кірді. Самбоның белсеңді өркендеуіне және 70-80 жылдары халықаралық өсуіне қарамай, Олимпиадалық ойындары бағдарламасына енгізілген жоқ.
Негізделген датасы: 1938 жыл 16 қараша
Ел: ССРО
Негіздеушілері: Анатолий Харлампиев, Василий Ощепков, Виктор Спиридонов
Шыққан орны: Мәскеу

Back to top button