Новости

Бодибилдингтан Қазақстан Республикасының 28 Ашық Чемпионаты

бодибилд

Астана қаласында 2015 жылдың 3-4 қазан аралығында бодибилдингтан Қазақстан Республдикасының 28 Ашық Чемпионаты аяқталды. Жарысқа біздің еліміздің түрлі қалаларының және Бишкек қаласының спортшылары қатысты. «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің» өкілдері өздерінің өнерлерін және дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, келесі орындарға ие болды:

Спорт шебері Шеремет Александр 70 кг дейін салмақ категориясында жасөспірімдер арасында – І орын, ересектер арасында – ІІ орын  алды.

Спорт шебері Шипарев Евгений + 70 кг салмақ категориясында юниорлар арасында – І орын, ересектер арасында – І орын алды!

Спорт шебері Прудников Евгений +100 кг салмақ категориясында ересектер арасында – І орын алды!

Спорт шеберіне үміткер Ковтун Сергей +70 кг салмақ категориясында юниорлар арасында – І орын алды!

Чемпиондарымызды құттықтаймыз!

Похожие статьи

Кнопка «Наверх»