Спорттық бағдарлау
Әдетінше бағдарлау спорт түрі пайда болуы ХІХ ғасырдың соңына, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания әскери гарнизоналары арсындағы сайыстар өткізіліп жүрген кездеріне жатады. Бірінші бұқаралық азаматтық бағдарлау бойынша жарыстар 1897 жылыдың 31 қазанында Ослоның жанында (Норвегия) Тьалве спорттық клубымен өткізілген. Нағыз осы заманғы бағдарлау бойынша жарыстардың туылуы 1918 жылы пайда болды. Майор, Стокгольм әуесқой спорттық қауымдастығының президенті Эрнст Килландер өзінің әскери тәжірибесінде негізделген жаңа спорт түрін табиғи орта қоршаған швед ауыл жерлерінде қолдануды шешті. Ол ойлы-қырлы жерлермен жарыстар ойлап тауып, жүйріктер тек жүгіріп қоймай, сонымен қатар карта және компас қолдануымен өз меншікті сапар желілерін табулары тиіс еді. 1934 жылдары спорттық бағдарлау Швейцария, ССРО және Венгрияда кең тарады. Екінші дүниежүзілік соғыс басында Швеция, Норвегия және Финляндияда жылсайынғы ұлттық ерлермен әйелдер үшін біріншіліктер өткізіле бастады. 1946 жылы Бағдарлаушылардың Скандинавиялық Комитеті құрылып, халықаралық ынтымақтастыққа жол ашты. 1949 жылдың мамырында Шведтік Бағдарлау Қауымдастығымен Сандвикенада он бір ел қатысуымен Халықаралық Конференция өткізілді. 1960 жылы Стокгольм аумағында Ашық халықаралық жарыс өткізіліп, жеті елді тартты. 1961 жылдың 21 мамырында Копенгагенадағы конгресте спорттық бағдарлаудың Халықаралық Федерациясы негізделді. Федерацияның бірінші мүшелері 10 еуропалық елдер болды – Болгария, Чехословакия, Дания, ГДР, Финляндия, Венгрия, Норвегия, Швеция,
Швейцария және ФРГ.
Спорттық бағдарлау – спорт түрі, қатысушылар спорттық карта және компас арқылы төңіректе орналасқан бақылау орнындарын өту керек.